Қазақстан мен Малайзияның авиация саласында ынтымақтастығы артады

14 Наурыз 2024, 14:36
261
Бөлісу:
Қазақстан мен Малайзияның авиация саласында ынтымақтастығы артады
PHOTO
Фото: Көлік министрлігі

Куала-Лумпур – Алматы бағыты бойынша тікелей рейс іске қосылуына орай қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық билігімен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Куала-Лумпурда Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Малайзияның Азаматтық авиация басқармасының (СААМ) бас директоры Норазман Бин Махмудпен, сондай-ақ Air Asia X және Malaysia Airlines әуе компанияларының басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Кездесуге сондай-ақ Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің өкілдері қатысты.

Келіссөздер барысында қазақстандық тарап Air Asia және Malaysia Airlines малайзиялық әуе компанияларының Қазақстан қалаларына ұшу географиясын кеңейту, оның ішінде "ашық аспан" 5-ші дәрежесін қолдану мүмкіндігінкеңейту мәселесі бойынша ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Қазақстан мен Малайзияның авиация саласында ынтымақтастығы артады

Сонымен қатар, қазақстандық делегация Malaysia Airport Holdings басшылығының бастамасымен Куала-Лумпур халықаралық әуежайына оның операциялық қызметіне шолу жасау мақсатында жұмыс сапарымен барды. Әуежайға сапар барысында жолаушылар ағынын басқару және аэродромға қызмет көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда Куала-Лумпур әуежайы әлемнің алпыстан астам әуе компанияларына қызмет көрсетеді, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жолаушылар ағыны 60 миллионнан астам жолаушыны құрады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі елдің авиациялық билік органдарының өзара іс-қимылы бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы