Қазақстан мен Корея 2022 жылды «Мәдени алмасу жылы» деп жариялады

28 Қаңтар 2022, 13:08
1989
Бөлісу:
Қазақстан мен Корея 2022 жылды «Мәдени алмасу жылы» деп жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-Сок мырза Қазақстан мен Корея 2022 жылды «Мәдени алмасу жылы» деп жариялағанын айтты.

Елші бұл туралы екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстың 30 жыл толуына орай жолдаған құттықтауында айтты.

Дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отырған биылғы жылды екі елдің Үкіметі «Өзара мәдени алмасу жылы» деп жариялады. Біз Корей мәдениетін көптеген қазақстандықпен бөлісу үшін түрлі іс-шаралар дайындап жатырмыз. Мен осы айтулы оқиғаны - дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын бірге атап өту үшін эпиджағдайдың тезірек жақсара түсетініне үміт артамын, - дейді дипломат.

Ку Хонг-Сок мырза Корея Қазақстанға қиындықтарды еңсеруге үнемі қолдау көрсететінін айтты.

Корея Қазақстанның тап болып отырған қиындықтарды еңсеруіне және неғұрлым берік тұрақтылық пен бейбітшілікке қол жеткізу үшін күш-жігерін жұмсап, өз үлесін қосуға тырасады. Сонымен қатар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейтуіне күш-жігер жұмсаймыз. Дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай екі елдің халқы арасындағы достық одан әрі нығая түседі деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық пен мол бақыт тілеймін! – деп сөзін қорытындылады Ку Хонг-Сок мырза.

Өзгелердің жаңалығы