Қазақстан мен Катар арасында 1,3 млрд доллардың жобасы қаралды

25 Қаңтар 2024, 10:45
328
Бөлісу:
Қазақстан мен Катар арасында 1,3 млрд доллардың жобасы қаралды
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Келісімнің мақсаты инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы тараптардың экономикалық ынтымақтастығын жандандыру. Келісімге 2022 жылғы 12 қазанда Астана қаласында қол қойылды.

Бұл Келісім екіжақтың тығыз экономикалық ынтымақтастығын арттырып, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру және екі мемлекеттің де әл-ауқатын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Келісімнің мақсаты әр тарапқа қолайлы жағдай жасап, тең құқықты режимді реттеп қана қоймай, сонымен қатар ұлттық заңнамаға және халықаралық құқыққа сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Соңғы жылдары Қатармен екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеріп, Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыру бойынша маңызды жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда екі елдің ұлттық компаниялары мен жеке секторлары арасындағы байланыс нығайып, экономиканың әртүрлі секторларында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асып жатыр, - деді сенатор Бибігүл Жексенбай.

Бұл келісім инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы келісім елдердің өзара әділ және тең құқылы инвестициялық режимін ұсынуға бағытталған.

Қазір қатарлық компаниялардың инвестициялық жобалар тізіміне 1 млрд 356 млн АҚШ долларын құрайтын 14 жоба кіреді. Оның ішінде 20 млн доллар құрайтын 3 жоба жүзеге асып, 103 млн доллар соммасындағы 2 жоба қолға алынды. Осыны ескере отырып, бұл заң инвестициялық жағдайды одан әрі жақсартуға және екі ел арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенімдімін, - деді сенатор.

Өзгелердің жаңалығы