Қазақстан мен Финляндия әскери ынтымақтастығы талқыланды

14 Желтоқсан 2021, 20:21
1668
Бөлісу:
Қазақстан мен Финляндия әскери ынтымақтастығы талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов пен Финляндияның Ресей Федерациясы мен Қазақстандағы әскери атташесі 3-дәрежелі капитан Хейкки Антеро Маттила кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Финляндия әскери ынтымақтастығы талқыланды

Биыл ақпан айында Хейкки Антеро Маттила Қазақстан Республикасына әскери атташе ретінде бекітілгенін айта кеткен жөн.

 

Өзгелердің жаңалығы