Қазақстан күрес федерациясы жылдың үздік балуанын анықтады

25 Желтоқсан 2023, 19:45
752
Бөлісу:
Қазақстан күрес федерациясы жылдың үздік балуанын анықтады
Фото: gov.kz

Қазақстан күрес федерациясы жылды қорытындылау конференция өтті. Биылғы 2023 жыл отандық күрес қауымдастығы үшін жарқын оқиғаларға, тарихи әрі сенсациялық көрсеткіштерге толы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінде, күрестің үш түрінен ресми халықаралық жарыстарда ұлттық құрама қоржынында барлығы 117 медаль бар, оның: 26 алтын, 33 күміс, 58 қола.

Бұл кеште үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға пәтер, автокөлік және қомақты сыйақылар табысталды. Ересектер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері әрі команда капитаны Азамат Дəулетбековке автокөліктің кілті табысталды, отандық күрестің тарихын қайта жазған аса дарынды әрі 2023 жылдың ең нәтижелі балуаны – Ризабек Айтмұханға пәтер сыйлады.

U23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионы Сұлтан Әсетұлына пәтердің кілті және күміс жүлдегер - Асылжан Есенгелдіге, қола жүлдегер атанған - Алтын Шагаеваға, Ирина Кузнецоваға қаржылай сыйақы табысталды. Сонымен қатар, 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы - Исхар Құрбаевқа Астана қаласындағы пәтердің кілті тапсырылды, қола жүлдегер – Дінислам Сағитжанға ақшалай сертификат берілді.

Бұдан бөлек XIX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері - Мейіржан Шермаханбетке қола жүлдегерлер - Азат Садықов, Әлімхан Сыздықовқа ақшалай сыйлықтар табысталды. Ағымдағы жылы Қазақстан төрінде өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздары - Ибрагим Магомадов, Санжар Досжанов, Дархан Есенғали, Эльмира Сыздықова, күміс жүлдегерлер- Диас Кален, Нұрсұлтан Тұрсынов, және қола жүлдегерлер - Аманғали Бекболатов, Мұхамедəли Мамурбек, Олжас Сырлыбай, Әлімхан Сыздыков, Алмат Кебиспаев, Рахат Қалжан, Марина Седнева, Елена Шалыгина Федерация тарапынан арнайы ақшалай сертификатпен марапатталды.

Келесі кезекте жастар арасындағы Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, Сонымен қатар, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздары - Юнус Гафуров, Азамат Құрман, Елдос Камелов, Мақсат Сайлау, Ислам Умаев, Ирина Кузнецова, күміс жүлдегерлері - Өсімжан Дастанбек, Ерасыл Мұхтарұлы, Ербол Камалиев, Асаухат Мухамадиев, Ислам Евлоев, Джохар Узаров, Зейнеп Баянова, қола жүлдегерлері - Ілияс Ерболатов, Нурдаулет Куанышбай, Альбина Каиргельдинова, Альбина Жанатаева лайықты марапаттарға ие болды.

Ресми кеште тек спортшылар ғана емес төрешілер мен бапкерлер де назардан тыс қалған жоқ. Арнайы федерация тарапынан 2023 жылдың номинациялары тағайындалды. «2023 жылдың үздік спортшысы» номинациясының жеңімпазы Ризабек Айтмұхан атанды. «2023 жылдың үздік жаттықтырушысы» номинациясфна Қонысбек Түкенов пен Данияр Тұрлыханов ие болды. «2023 жылдың үздік төрешісі» номинациясының жеңімпазы Игорь Лигай болса, «2023 жылдың үздік медицина маманы» номинациясы Ардрей Клипанға берілді.

Өзгелердің жаңалығы