Қазақстан КҚК-дан бас тартуды қарастырып отырған жоқ – министрлік

КҚК арқылы мұнай қабылдау тәулігіне 100 мың тонна көлемінде жалғасып жатыр, жағдай бақылауда.

 Каспий құбыр консорциумы 1 Тамыз 2026, 15:12
1 Тамыз 2026, 15:12
85
Фото: Каспий құбыр консорциумы

Қазақстанның Энергетика министрлігі КҚК жұмысының толық тоқтауы мүмкін деген ақпаратқа пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, КҚК қызметінің толық тоқтау сценарийі қарастырылып жатқан жоқ.

31 шілдеде КҚК мұнай құбырының жұмысын уақытша тоқтатты. Сонымен қатар жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау және резервуарлар паркін толтыру жалғасып жатыр. 1 тамыздағы жағдай бойынша мұнай қабылдау көлемі тәулігіне 100 мың тоннаны құрайды. Ал мұнай тасымалын кезең-кезеңімен ұлғайту теңіз терминалында танкерлердің тиеуге дер кезінде қойылуына байланысты болады, – делінген министрлік хабарламасында.

Энергетика министрлігі КҚК және жүк жөнелтушілермен тұрақты байланыста екенін атап өтті. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі жағдай бақылауда.

Наверх