Қазақстан кәсіпкерлері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің электронды сатып алуларына қатыса алады

31 Қаңтар 2024, 10:40
341
Бөлісу:
Қазақстан кәсіпкерлері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің электронды сатып алуларына қатыса алады
Фото: BAQ.KZ - архив

Мәжілістің жалпы отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс заң жобасын мақұлдады.

Оның сөзінше, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық-санитарлық және карантиндік фитосанитарлық шаралар, тұтынушылардың құқығын қорғау, тарифтік емес реттеу, бәсекелестік, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысты барлығы 32 түзету енгізіледі.

Ведомство басшысы заңға енгізілетін негізгі түзетулерге тоқталы.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай тізбесінде болмаған, зиянды организмдерге қатысты шұғыл фитосанитариялық шаралар енгізіліп жатыр. Елімізде бұрын анықталмаған жаңа зиян жәндіктерді тіркеу жағдайы болған. Мұндай зиян жәндіктер Бірыңғай тізімде жоқ. Бүгінгі таңда бірыңғай келісілген тізімдегі зиян жәндіктерге қатысты уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізіліп жатыр, - деді Шаққалиев.

Сөзінше, Хаттамада Одақтағы елдер шұғыл фитосанитариялық шараларды енгізу құқығын көздеп отыр. Бұл ретте тараптар мұндай шараның енгізілгені туралы қалған елдерді алдын ала хабардар етуі тиіс. Мұндай жағдайларда өзара хабарлау тәртібін Комиссия әзірлеп бекітеді.

Ұлттық электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара тануды қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекітуге Комиссияның құзыреті енгізіледі.

Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін ұлттық электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара тану көзделген. Ережелер уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындауға және электрондық форматта өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Арман Шаққалиев Мәжілісте.

Сонымен қатар Еуразиялық үкіметаралық кеңеске тұтынушылардың құқығын қорғау үшін мүше мемлекеттердің бірлескен іс-қимыл бағдарламасын бекіту құқығы беріледі.

Министр тұтынушылардың құқығын қорғау функциялары ұлттық құзырет болып қала беретінін атап өтті. Үкіметаралық кеңес тек жалпы тәсілдер мен ұсыныстарды бекітеді.

Сондай-ақ тауарларды әкелу/әкету кезінде рұқсат құжаттарын алу процесі жеңілдетіледі. Қазір лицензия беру ережелері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа жүктелген. Оларды түзету өте қиын. Ережені Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесімен бекітілу ұсынылып отыр. Оған қоса, құжаттарды қайта беру кезінде, келісімшартты қосымшасыз, Сыртқы сауда шартының мәліметтерін пайдалану мүмкіндігі көзделген. Лицензия беруден бас тарту негіздерінің тізбесі нақтыланып жатыр. Лицензия мен рұқсат нысанынан керексіз мәліметтер алынып тасталынды, - деп толықтырды ол сөзін.

Жалпы рұқсат құжаттарын электронды форматта беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы