Қазақстан хоккей құрамасы бүгін Ұлыбританиямен жолдастық кездесу өткізеді

7 Мамыр 2024, 16:37
335
Бөлісу:
Қазақстан хоккей құрамасы бүгін Ұлыбританиямен жолдастық кездесу өткізеді

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы бүгін, 7 мамырда Ұлыбританиямен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл әлем чемпионатына дайындық барысындағы соңғы ойын болады.

Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері 5 мамырда Чехияға жетті. Онда дүбірлі додаға дайындық барысын пысықтап жатыр.

Бүгінгі кездесу елорда уақытымен 20:00-ге белгіленген.

Қазақстандық хоккейшілер 2021 жылдан бері элиталық дивизионда ойын көрсетіп келеді.

Қазақстан құрамасы В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түседі.

Алғашқы ойынын Қазақстан құрамасы 11 мамырда Франция құрамасына қарсы өткізеді.

Ел құрамасы 10 сәуірден бастап елордада өтетін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындыққа кіріскен болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы