Қазақстан халықаралық аренада кезекті мәрте жоғары нәтиже көрсетті

Қазақстандық шабандоз Польшадағы халықаралық турнирде үздік төрттіктен көрініп, Азия ойындары алдындағы жоғары дайындығын дәлелдеді.

 Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясы 1 Тамыз 2026, 12:00
1 Тамыз 2026, 12:00
159
Фото: Қазақстан Республикасы Ат спорты федерациясы

Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының спортшысы Олег Соколенко CSI2 Biskupiec 2026 (Польша)* халықаралық турнирінде үздік спортшылардың қатарынан көрінді.

Medium Tour (130 см) бағыты бойынша 57 спорттық жұп сынға түсті. Олег SHENANIGAN атымен жарыс жолын айып ұпайларынсыз аяқтап, 31,52 секунд нәтижесімен 4-орынды иеленді.

Бұл – 2026 жылғы XX Азия ойындарына дайындық аясында қазақстандық спортшылардың FEI халықаралық турнирлеріндегі қатарынан екінші жоғары нәтижесі. Нидерландыдағы сәтті өнер көрсеткеннен кейін Олег Соколенко халықаралық деңгейде өзінің жоғары дайындығы мен тұрақты нәтижесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сондай-ақ турнирде Қазақстан намысын Раиса Соколенко CHEVALIER атымен қорғады.

Наверх