Қазақстан халқына алғысымыз шексіз - түркиялық волонтер

21 Маусым 2023, 10:17
672
Бөлісу:
Қазақстан халқына алғысымыз шексіз - түркиялық волонтер
Фото: Арман Мухатов

Астанада Халықаралық волонтерлер форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форумның Пленарлық сессиясында Түркия елінен келген өнерпаз, «AHBAP» Ассоциациясының» президенті Халук Левент жер сілкінген кезде көмекке барған қазақстандықтарға алғыс айтты.

Әлем мейірімді болу үшін біз адамдар не істей аламыз? Ол үшін бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Қазір түрлі іс-шараларды ұйымдастырып жүрміз. Барлығы адамдарға деген қамқорлық үшін. Сондай-ақ жағдайы қиын адамдарға көмек қолын созу үшін. Түркияда жер сілкінісі болған кезде өзіміз Стамбулдан қираған қалаға барған болатынбыз. Өте қиын болды. Бірақ әлем елдерінің бізге көмектесуімен қираған қалада 2000 мыңдай үйді салуға мүмкіндік туды. Ол қаражаттың барлығы әлемнен түскен қаржы болды. Қазақстанға рақмет. Жер сілкінісінің бірінші күні Шымкент қаласынан 2 досымыз келген болатын. Үлкен көмек берді, - деді Халук Левент.

Айта кетейік, Халук Левент 2017 жылы «AHBAP» үкіметтік емес ұйымын құрған. 2023 жылға қарай Түркияның 68 қаласында жұмысын жалғастырды. Ақпан айындағы Түркиядағы зілзала кезінде «AHBAP» ҮЕҰ зардап шеккендерге көмек беруі оны түрік халқының арасында өте танымал болуына себеп болды. Өнерпаз аз уақыт ішінде рекордтық 50 млн еуро қаржы жинап, волонтерлерді төтенше жағдай орын алған аймаққа баруға бар күшін жұмылдырды. 2023 жылы Левент Time журналының «Әлемдегі ең ықпалды 100 адам» тізіміне енді.

Өзгелердің жаңалығы