Қазақстан Грузияда жүк тасымалына қатысты өткен конференцияға қатысты

8 Сәуір 2022, 00:25
1435
Бөлісу:
Қазақстан Грузияда жүк тасымалына қатысты өткен конференцияға қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан делегациясы «Қара және Каспий теңіздерінің порттары мен жүк тасымалы 2022» халықаралық конференциясына қатысты. 

Шара Қара теңіздің шығысындағы алып порты бар Поти қаласында өтті. Мұнда транспорт және логистика бойыша 25 спикер сөз сөйледі. Сондай-ақ 150-ден аса билік өкілі, ғалымдар мен инженерлер дүниежүзілік және аймақтық сауда-инвестиция мәселелерін талқылады. Кейінгі геосаяси жағдайларға байланысты Каспий маршруты арқылы жүк тасымалын жүзеге асыру зор сұранысқа ие. Ал Қазақстан-Грузия арасындағы қарым-қатынас тек мәдениет жағынан ғана емес, іскерлік мақсатта да қарқынды дамып келеді. Мысалы, екі елдің тауар айналымы былтыр 88 миллион АҚШ долларын құраса, соңғы екі айда бұл көрсеткіш 57%-ке өсті.

Грузия – Қазақстан сауда қатынастары үшін өте маңызды мемлекет. Ол арқылы Оңтүстік Еуропа мен Түркияға шығатын экспорт ғана емес, Грузия арқылы бізге келетін импорт та зор маңызға ие. Келісілген декларация шеңберінде Қазақстан, Грузия, Әзербайжан және Түркия болып ортақ кәсіпорындар ашуды талқылап, жүк тасымалы дәлізін әрі қарай дамытуды көздеп отырмыз, – деді «Qaztrade» бас директоры: Азамат Асқарұлы.

Өзгелердің жаңалығы