Қазақстан Германияға мұнай жеткізілімінің тоқтауына қарамастан, мұнай өндіру көлемін қысқартуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов өңірлік экологиялық саммит кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, бұған дейін «Дружба» бағыты арқылы жылына шамамен 2,1 млн тонна мұнай жеткізілген. Бұл ретте қазақстандық мұнай Шведтедегі мұнай өңдеу зауытының тұтынуының шамамен 20-30%-ын қамтамасыз етіп отырған.
Шведтегі мұнай өңдеу зауытын қамтамасыз ету туралы айтатын болсақ, қазақстандық мұнай оның қажеттілігінің шамамен 20-30%-ын жабады. Бұл қаншалықты маңызды? Өндіру көлемін қысқарту қарастырылып отырған жоқ. Бізде бұл көлемдерді басқа бағыттар бойынша қайта бөлу мүмкіндігі бар, - деді министр.
Энергетика министрлігінің басшысы Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай тасымалдау жағдайына да тоқталды.
КТК бойынша жағдай тұрақты. Барлығы қалыпты жұмыс істеп тұр, ешқандай мәселе жоқ, - деп қосты ол.
Бұған дейін Қазақстан мұнайын Германияға «Дружба» мұнай құбыры арқылы жеткізу уақытша тоқтатылғаны белгілі болған еді. Ведомствоның мәліметінше, балама бағыттар экспорт көлемін сала үшін шығынсыз сақтауға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Қазақстан Моңғолияға мұнай сата бастауы мүмкін екені айтылған еді.
Еске салайық, бүгін Астанада климаттың өзгеруі, су ресурстары және тұрақты даму мәселелері талқыланатын RES 2026 өңірлік экологиялық саммиті басталды.
Астанада өтіп жатқан өңірлік экологиялық саммит - RES 2026 кулуарында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанның халықаралық серіктестік аясындағы Қазақстан мұнайы Өзбекстанға да жеткізілуі мүмкін екенін айтты.