Қазақстан ФИФА рейтингінде жоғары көтерілді

30 Маусым 2023, 02:26
526
Бөлісу:
Қазақстан ФИФА рейтингінде жоғары көтерілді
Фото: Артём Чурсинов

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми сайты Қазақстан ұлттық құрамасының жетістіктерін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық құрама рейтингтің жаңартылған нұсқасы бойынша 112-орыннан 104-орынға көтерілді.

Аргентина көш бастап тұр, Армения мен Қазақстан айтарлықтай көтерілді, – деп жазылған ФИФА мақаласында, басты суретте Қазақстан құрамасы.

Бұған дейін ұлттық құрама еуропалық турнирге іріктеу кезеңінде қатарынан үш рет жеңіске жетіп, Н тобында көш бастап тұр.

Өзгелердің жаңалығы