Қазақстан Еуропамен Румыния порты арқылы шектеседі

8 Сәуір 2023, 17:55
1399
Бөлісу:
Қазақстан Еуропамен Румыния порты арқылы шектеседі
Фото: gov.kz

Румынияда «Каспий теңізі – Қара теңіз дәлізі және Констанца порты – Еуропаға жол» атты форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараны Қазақстанның Румыниядағы Елшілігінің қолдауымен Констанца портының іскерлік қауымдастығы ұйымдастырды. Жиынды ұйымдастырудың негізгі себебі Каспий өңірі елдерінің бизнес-қоғамдастығының Констанцадан келген порт операторларымен әріптестік қарым-қатынас орнату қажеттілігі болды.

Іс-шараға Қазақстаннан теңіз, теміржол, интермодальды тасымалдаушылармен, операторлармен және жүк жөнелтушілермен қатар Грузия, Әзербайжан және Румынияның ірі көлік компаниялары мен бизнес өкілдері қатысты. Олардың арасында Ақтау, Батуми, Баку және Констанца порттары бар. Сонымен қатар, шақырылған қонақтар арасында Транскаспий халықаралық көлік бағдары халықаралық қауымдастығының (ТХКБ) Бас хатшысы Гайдар Әбдікәрімов, Румынияның ТРАСЕКА-дағы өкілі Магдалена Григоре, Констанца облысы әкімшілігінің басшылығы, Румыния Үкіметі мен Парламентінің мүшелері де болды.

Кездесуге қатысушылар ТХКБ-ны одан әрі дамыту шараларын, тауарларды жеткізуді жеңілдету жолдарын, сондай-ақ өзара инвестициялар мәселелерін талқылады. Ақтау және Констанца порттарының көліктік-логистикалық мүмкіндіктері орасан зор әлеуетке ие екендігі атап өтілді және форум ТХКБ әлеуетін ашу және пайдалану үшін осы порттарды қосудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара аясында Румынияның Экономика министрі Флорин Спэтару «бұл маңызды оқиға және біз Констанца порты үшін де, басқа қатысушы елдер үшін де өткізу қабілеттілігінің артуына әкелетін нәтижелерді көреміз деп күтеміз. Бұл индустрияландыру немесе өндіріс әлеуетін арттыруға қатысты осы кезеңде өте маңызды. Констанца порты Еуропа үшін, сондай-ақ Қара теңіз аймағы мен Каспий аймағы үшін стратегиялық пункт болып табылады, сондықтан бізде импорт қана емес, экспорт та дамитын болады», – деп пікір білдірді.

Сондай-ақ, форум аясында Констанца портын Каспий аймағындағы логистикалық желілермен байланыстыратын жобаның – Поти/Грузия порты мен Констанца/Румыния порты арасында R0-R0 көлік-жолаушылар желісінің ашылуы жарияланды, ол 2023 жылдың сәуір айында пайдалануға беріледі. Форум Румыния бизнес өкілдерінің ғана емес, жүк тасымалдау саласындағы сарапшылардың және Румынияның ірі БАҚ өкілдерінің де назарын аударды.

Өзгелердің жаңалығы