Қазақстан елшісі мен НАТО Бас хатшысының арнайы өкілі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

1 Ақпан 2022, 17:20
1426
Бөлісу:
Қазақстан елшісі мен НАТО Бас хатшысының арнайы өкілі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан НАТО Кавказ және Орталық Азия бойынша Бас хатшысының Арнайы өкілі Хавьер Коломинамен кездесті. Бұл туралы СІМ хабарлады.

Әңгіме барысында Арнайы өкіл Қазақстандағы тәртіпсіздіктер барысында қаза тапқандарға көңіл айтты. Қазақстандық дипломат Х.Коломинаны Қазақстандағы соңғы оқиғалардың себептері мен салдары, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдегі қалыпты өмірді қалпына келтіру бойынша мемлекет қабылдаған шаралар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Қазақстан билігі мұқият және толыққанды тергеу жүргізіп жатқаны, әрі оның нәтижелері әлемдік қоғамдастыққа ұсынылатыны мәлімделді.

М.Баймұхан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңадан құрылған Үкіметінің алдына қазақстандықтардың сапалы өмір сүру жағдайларын және елдің одан әрі табысты дамуын қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер қойғанын атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар «Бір серіктес – бір жоспар» тұжырымдамасы аясындағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайды қоса алғанда, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады.

 

Өзгелердің жаңалығы