Қазақстан Дүниежүзілік банк қолдауымен 33 жылда 50-ден астам жоба іске асырды

Дүниежүзілік банк инфрақұрылымды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру бойынша Қазақстанмен жұмысты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.

 Энергетика министрлігі 29 Қыркүйек 2026, 06:35
29 Қыркүйек 2026, 06:35
204
Фото: Энергетика министрлігі

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңіріндегі әл-ауқат мәселелері жөніндегі өңірлік директоры Абебе Адугнамен кездесті.

Тараптар Қазақстанның экономикалық жағдайын, реформалардың алдағы бағыттарын, инфрақұрылымды дамыту және екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Серік Жұманғариннің айтуынша, Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы 33 жылдық ынтымақтастық аясында көлік, білім беру, қоршаған ортаны қорғау, жасыл технологиялар және цифрландыру салаларында жалпы сомасы $8 млрд-тан асатын 50-ден астам жоба жүзеге асырылған.

Кездесуде инфрақұрылымды дамыту мен оны қаржыландыру тетіктеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан инфрақұрылымдық жобаларды ел ішіндегі қажеттіліктермен қатар, Орталық Азия елдерін байланыстыратын өңірлік бағыттарды дамыту тұрғысынан да қарастырып отыр.

Дүниежүзілік банк инфрақұрылымды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру бойынша Қазақстанмен жұмысты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Наверх