Қазақстан делегациясы Кореядағы Дүниежүзілік орман конгресінің жұмысына қатысты

6 Мамыр 2022, 01:21
1571
Бөлісу:
Қазақстан делегациясы Кореядағы Дүниежүзілік орман конгресінің жұмысына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамыр айының алғашқы күндері Сеул қаласында XV Дүниежүзілік орман конгресі өтті. Іс-шараға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә. Шалабекова жетекшілік еткен қазақстандық делегациясы мүшелері қатысты.

Қазақстандық делегация құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары: А.Милютин мен Г.Елеуов кірді.

Іс-шара аясында сөз сөйлеген А.Шалабекова конгресс жұмысына қатысуға шақырғаны үшін алғысын білдіріп, орман қорын сақтау мен ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ осы бағытта біздің республикамызда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2025 жылға дейін 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы іске асырылып жатқанын айтты. Қазіргі уақытта 200 млн дана ағаш (немесе 10%) отырғызылды.

Айта кету керек, Дүниежүзілік орман конгресі алты жылда бір рет БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының қолдауымен өткізіліп келеді және әлемдегі орман шаруашылығы өкілдерінің ең ықпалды жиналыстарының бірі болып саналады.

Іс-шараның жұмысына әлемнің 144 елінің өкілдері, халықаралық және ғылыми ұйымдардың басшылары, Корея Республикасында аккредиттелген елшілер мен дипломаттар, сондай-ақ 30-дан астам министрлер мен тиісті ведомстволардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында вице-министр Ә.Шалабекованың Корей орман қызметі министрі Бьенгам Чой мырзамен және Азия орман секторындағы ынтымақтастық ұйымының (AFoCO) Төрағасы Рикардо Кальдерон мырзамен екіжақты кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасы биологиялық әртүрлілікті сақтау, климаттың өзгеруіне, шөлейттенуге және жердің тозуына қарсы күрес бойынша өзіне алған халықаралық міндеттемелерді орындауға ниетті. Бонн шақыруының мақсаттарына қол жеткізу мақсатында біз 2021 жылдан бастап жыл сайын ормандарды молықтыру және орман өсіру көлемін 10 мың гектарға ұлғайтуды міндеттедік, нәтижесінде оның көлемі 2011 жылдан 2030 жылға дейін 1,5 млн.га құрайды, – деп атап өтті өз сөзінде вице-министр.

Корея Республикасының Арал теңізін құрғауына байланысты экологиялық апат салдарымен күреске қосқан үлесі де атап өтілді. Мысалы, Қызылорда облысында 13,3 мың га алаңда Арал теңізінің құрғаған түбін фитомелиорациялау бойынша бірлескен жоба сәтті жүзеге асырылды.

Ынтымақтастықтың табысты тәжірибесін ескере отырып, Арал өңірін көгалдандыру бойынша жұмысты қайталау ұсынылды.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Орман секторындағы ынтымақтастық жөніндегі Азия ұйымын (AFoCO) құру туралы келісімге қосылды.

Өзгелердің жаңалығы