Қазақстан БҰҰ миссияларына бітімгершілік күш жібереді. Парламент Президентті қолдады

30 Маусым 2022, 10:25
1903
Бөлісу:
Қазақстан БҰҰ миссияларына бітімгершілік күш жібереді. Парламент Президентті қолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысының  Қасым-Жомарт Тоқаевтың     БҰҰ-ның миссияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін  жіберу туралы ұсынысын Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов  оқып берді. 

Қазіргі уақытқа дейін Қарулы күштерінің әскери қызметшілері Парламент қаулыларына сәйкес, бейбітшілік пен тәуелсіздікті қорғау жөніндегі халықаралық келісімді орындау үшін БҰҰ бітімгершілік ұйымдарына жіберіліп отырды. 2014 жылдан бастап 45 офицер Батыс Сахарада, Ливанда, Кот-д'Ивуарда миссияға, әскери байқаушы және штаб офицері ретінде 2018 жылдан бастап 520 әскери қызметкер бітімгершілік құрамында. Ливандағы уақытша күштердің миссиясына қатысты қазір Батыс Сахарада 6, Ливандағы уақытша күштерде 9, әскери қызметші қызмет өткеріп жатыр, - деген Тоқаевтың үндеуін оқып берді Жақсылықов . 

Тоқаевтың айтуынша, ұйым басшылығы әскери қызметшілердің даярлық деңгейін жоғары бағалап, бітімгерлер санын арттыруда қолдау көрсетті. 

Контингентті бітімгершілік операцияға жіберіп, жаһандық қауіпсіздікті сақтауға үлес қосып, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі мен рөлін арттыруға мүмкіндік береді. Әлемде және өңірде болып жатқан оқиғалар қауіпсіздікке төнетін сын-қатерді жоққа шығармайды. Осыған байланысты әскердің жауынгерлік әзірлігін одан әрі нығайту қазіргі сын-қатерге әрекет етуде тәжірибе жинақтау мәселесі өзекті болып отыр. Осы тұрғыда ұйым жарғысын жетінші қарауына сәйкес Қарулы күштердің Орталық Африкада Конго демократиялық республикасында әлі де бітімгершілік миссияға қатысуын көбейтуді  орынды деп санаймын. Қазақстан штаб офицері әскери байқаушы ретінде қазіргі уақытта миссияда анағұрлым тапшы. Жаяу әскер, медициналық барлау, әскери полициясы бөлімшесін бөлуге дайын, - деді ол. 

Президент бұл тәжірибе әскеріміз жауынерлік жетілдіруден өтуге қолданылады. 

Бүгін Бітімгергілік миссиясын қысқарту аясында бітімгершілік күшін беретін елдер арасында бәсекелестік артып отыр. Осының негізінде Конституцияның 53-бабына сәйкес жалпы саны 409 бітімгершілік контингентті Орталық Африкаға, Конго республикасына, Малиге, Ливанға тұрақтандыру миссиясына уақытша күштер енгізу туралы ұсыныс енгіземін, - деген Тоқаевтың сөзін оқып берді Жақсылықов. 

Парламент депутаттары мәселені талқылап сұрай қойған соң, дауыс беру арқылы қолдады. 

Өзгелердің жаңалығы