Қазақстан боксшыларының Сербия турниріндегі қарсыластары белгілі болды

3 Сәуір 2022, 03:24
1637
Бөлісу:
Қазақстан боксшыларының Сербия турниріндегі қарсыластары белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сербияда өтіп жатқан халықаралық Београдски Победник турниріндегі Қазақстан құрамасы боксшыларының қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Турнирде алтын жүлдеге Олжас Байниязов (54 келіге дейін), Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5-ке дейін) және Иляр Әшіров (75-ке дейін) таласады. Олар Сербия және Марокко боксшыларымен кездеседі. 

Финалға шыққан үш үміткерден бөлек тоғыз қазақстандық қола жүлде иеленді. 

Қазақстандықтардың қатысуымен өтетін финал: 54 келіге дейін Олжас Байниязов (Қазақстан) – Тамир Галанов (Сербия)  63,5 келіге дейін  Мұхамедсабыр Базарбайұлы (Қазақстан) – Абдельхак Надир (Марокко)  75 келіге дейін  Иляр Әшіров (Қазақстан) – Йован Николич (Сербия).

Өзгелердің жаңалығы