Қазақстан биыл мұнай өндіруді қысқартады

3 Сәуір 2023, 08:27
1123
Бөлісу:
Қазақстан биыл мұнай өндіруді қысқартады
Фото: inbusiness.kz

Қазақстан басқа ОПЕК+ елдерімен бірге осы жылдың мамыр айынан бастап мұнай өндірісін одан әрі қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан 2023 жылдың мамыр айынан бастап басқа ОПЕК+ елдерімен бірге өз еркімен мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге қысқартады, - деп жазылған хабарламада.

Мұндай шешім 2022 жылдың 5 қазанындағы ОПЕК+ елдерінің 33-ші министрлік кездесуінде қабылданған өндірісті қысқартуға қосымша алдын алу шарасы ретінде қабылданды.

Сондай-ақ бірқатар ел – Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Ирак, Кувейт және Оман өндірісті ерікті түрде қысқартатынын жариялады. Ресей 2023 жылдың соңына дейін өндірісті тәулігіне 500 мың баррельге қысқартатынын мәлімдеді. Сонымен қатар Ресейді қоспағанда, бірқатар ОПЕК+ елі жариялаған қосымша қысқарту тәулігіне 1,1 миллион баррельден асады деп бағаланды,  деп хабарлады альянстағы дереккөз.

Өзгелердің жаңалығы