«Қазақстан барысы-2022» жеңімпазы анықталды

3 Шілде 2022, 18:56
3000
Бөлісу:
«Қазақстан барысы-2022» жеңімпазы анықталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін "Барыс-Арена" мұз сарайында астана күніне орайластырылған қазақ күресінен ХІ «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтті.

«Қазақстан барысы-2022» жеңімпазы анықталды

Дәстүрлі турнир елімізде ұлттық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өту, қала күнін мерекелеу және балалар жылы аясында жастарды ұлттық спортпен шұғылдануға тарту, олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсаттарын жүзеге асырды.

«Қазақстан барысы-2022» жеңімпазы анықталды

Турнирдің құрметті қонақтары ретінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов, ҚР МСМ дене шыныштыру және спорт комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма директоры Қуанышбек Есекеевтер қатысып, балуандарға сәттілік тіледі.

«Қазақстан барысы-2022» жеңімпазы анықталды

Шара аясында спорттық сайыстармен қатар Қ.Рахым, «Тұран» этно-тобы ән шырқап ұлттық күрес жанкүйерлерінің көңілін көтерді.

«Қазақстан барысы-2022» жеңімпазы анықталды

Жарыс ережесіне сәйкес сәуір-мамыр айларында ауыл, аудан, облыстық (қалалық) деңгейдегі және күштік құрылымдар желісі арасында іріктеу жарыстары толығымен өтіп, оған еліміз бойынша бес мыңға жуық спортшы қатысты. Соның ішінен ақтық сынға жолдама алған 36 балуан өзара күш сынасты. Олардың ішінде осыған дейін жеңіс тұғырынан көрінген Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбаевтар бар. 2021 жылдың жеңімпазы Дәурен Нұралинов жарақатына байланысты турниге қатысқан жоқ.

«Қазақстан барысы-2022» жеңімпазы анықталды

Турнирді ҚР мәдениет және спорт министрілігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен "Qazaqstan Barysy" қоры мен Qazaq kuresi Ассоциациясы ұйымдастырды.  Сондай-ақ, турнирге  Самрұқ-Қазына акционерлік қоғамы, Спортты қолдау қоры, "Қазақтелеком" АҚ, "Сәтті жұлдыз" АҚ,  Magnum бөлшек сауда желісі, Олимпбет букмекерлік кеңсесі демеушілік жасады.

«Қазақстан барысы-2022» жеңімпазы анықталды

Қазақ күресі ережесіне енгізілген өзгертулерге байланысты биылғы турнир "бүк" ұпайынсыз өтті.

«Қазақстан барысы-2022» жеңімпазы анықталды

Биылғы «Қазақстан Барысы» атанған Қызылордалық Мақсат Исағабылов 25 000 000 теңге және алтын белбеу мен ауыспалы алтын «тайтұяқ» табысталды. Күміс жүлдегер Нұрдәулет Жарылқапов Маңғыстау облысы 5 500 000 теңге және қола жүлдегер  Ғалымжан Қырықбай Жамбыл облысы  1 800 000 теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталды. Көрермендер арасында автокөлік ойнатылды.

Өзгелердің жаңалығы