Қазақстан азаматы Ресейде 13 күнге қамалған

17 Маусым 2024, 16:28
807
Бөлісу:
Қазақстан азаматы Ресейде 13 күнге қамалған
Фото: Арман Мухатов - архив

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан азаматы Ресейде “Слава Украине!” деп айғайлап, 13 күнге қамалыпты деген ақпарат шықты. Ол шынымен Қазақстан азаматы ма? Неше жаста? Полиция бөлімінде не істеп жүр? Қазақстандықтарға Ресейде олай айғайлауға болмай ма? - деп сұрады журналистер СІМ ресми өкілінен.

СІМ ресми өкілінің сөзінше, ведомствоға азаматтың ұсталғаны жөнінде ресми ақпарат келмеген.

Бірақ біз мұндай жаңалықты БАҚ-тан көрдік. Ал екінші мәселе - ондай сөздерді айғайлап айтуға бола ма, болмай ма, ол өз еркі. Әр адам өз басына өзі жауапты. Мемлекет айтты не айтпады деп қинамаймыз. Сол себепті қай жерде жүрсеңіз де, не айту керегін өзіңіз шешесіз. Бірақ жауапкершілікті ұмытпау керек, - деп айтты Смадияров брифингте.

Өзгелердің жаңалығы