Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатын екі медальмен аяқтады

15 Мамыр 2025, 22:32
633
Бөлісу:
 ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Қытайдың Цзяншань қаласында өткен Азия чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Команда жарыс қорытындысы бойынша екі медаль жеңіп алды. Алайда бұл жолы қазақстандық ауыр атлеттер жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріле алған жоқ.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Пётр Хребтов қола медаль иеленсе, 102 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы Артём Антропов күміс жүлдеге қол жеткізді, – деп жазылған хабарламада.

Ал Егор Шерер (89 келіге дейін) мен Любовь Ковальчук (87 келіден жоғары) жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Өзгелердің жаңалығы