Қазақстанның Гонконгтағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов "Alibaba Group" төрағасы Джозеф Цаймен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Келіссөз барысында цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және деректер орталықтары саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Сонымен қатар Қазақстанның "Digital Kazakhstan" стратегиясы мен аймақтық AI-хаб құру жоспары таныстырылды.
"Alibaba Group"-қа деректер орталықтары мен бұлттық қызметтерді дамытуға бағытталған "AI Data Center Valley" жобасына қатысу және Қазақстан Президенті жанындағы жасанды интеллектті дамыту жөніндегі Кеңестің мүшесі болу ұсынылды.
"Alibaba Group" – Қытайдың ең ірі жоғары технологиялық корпорациясы және цифрлық экожүйесі. Негізгі платформалары: "Alibaba.com", "Taobao", "Tmall" және "AliExpress".