Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 37-орында

27 Маусым 2023, 16:02
2839
Бөлісу:
Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 37-орында
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Қазақстан IMD-2023 Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 37 орынға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Экономикалық зерттеулер институтының ресми сайтында хабарланды.

2023 жылғы 20 маусымда Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы 2023 жылғы Әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижелерін жариялады. 

Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 37-орында

IMD рейтингі келесі факторларды бағалайтын кешенді зерттеудің нәтижесі болып табылады: «Экономикалық қызмет», «Үкіметтің тиімділігі», «Бизнестің тиімділігі» және «Инфрақұрылым». 

2023 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы 2022 жылғы рейтингпен салыстырғанда 6 тармаққа көтеріліп, 66,1 балл нәтижесімен 37-орынға ие болды. 

2023 жылы зерттеуде әлемнің 64 елі бағаланды. Рейтингте жетекші орынға Дания ие. Даниядан кейін топ-5 елдің қатарына Ирландия, Швейцария, Сингапур және Нидерланды кіреді.

Өзгелердің жаңалығы