Қазақстан әлемдегі жанармайы арзан 10 елдің қатарына кіреді

3 Сәуір 2023, 16:16
755
Бөлісу:
Қазақстан әлемдегі жанармайы арзан 10 елдің қатарына кіреді
Фото: egemen.kz

Қазақстан әлемдегі жанармайы арзан 10 елдің қатарына кіреді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда дизель отыны тапшылығының басты себебі бағадағы диспропорция. Отандық отын бағасы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Қазақстан – әлемдегі жанармайы арзан он елдің қатарында, - деді министр брифингте.

Ақшолақов мысал келтірді. Сөзінше, Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне 345 теңге, біздегі нарық бағасынан 45%-ға қымбат. Қырғызстандағы баға 64%-ға жоғары, яғни литріне 390 теңге, Өзбекстандағы баға бізбен салыстырғанда екі есеге қымбат - литріне 480 теңге, бағамыздағы айырмашылық - 101 пайыз.

Қазақстандық дизель отынын түрлі жолдарды пайдаланып, шетелге сатудан түсетін пайда 50%-дан 120 %-ға дейін жетеді, жалпы пайда жылына шамамен 140 млн АҚШ доллары, - деп түсіндірді ол.

Өзгелердің жаңалығы