«Қазақфильм» Ұлттық киностудия болып қайта құрылуы мүмкін

2 Қараша 2023, 08:38
720
Бөлісу:
«Қазақфильм» Ұлттық киностудия болып қайта құрылуы мүмкін
Фото: baq.kz

Қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Оны қоғамдық талқылау 2023 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжат мақұлданса, киностудия «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудия» АҚ деп аталмақ.

Жобада өндірілетін кинофильмдердің сапасын арттыру мақсатында «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның атауын «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудия» АҚ атауына ауыстыру, сондай-ақ шетелдік кинокомпанияларға субсидиялардың мемлекеттік операторының функцияларын орындау есебінен сыртқы инвестицияларды одан әрі тарту көзделеді, – деп жазылған хабарламада.

Үкіметтің тиісті қаулысын Мәдениет және ақпарат министрлігі дайындады.

Өзгелердің жаңалығы