Қазақфильм "Болмаған балалық шақ" фильмін жарыққа шығарады

16 Ақпан 2024, 19:28
2176
Бөлісу:
Қазақфильм "Болмаған балалық шақ" фильмін жарыққа шығарады
Фото: автордан

"Қазақфильм" киностудиясы Ақберен Елгезектің "Болмаған балалық шақ" повесіне фильм түсіреді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" Ұлттық киностудиясы АҚ креативті директоры Жандос Айбасов жаңа маусымның ашылу салтанатында айтты.

Қазақфильм "Болмаған балалық шақ" фильмін жарыққа шығарады

Жаңа маусымда серіктестермен бірлесіп 5 жобаны таныстырғымыз келеді. Бұл “Қазақфильм” үшін жаңа бағыт пен мүмкіндік болмақ. Оларды атап өтсек: "Болмаған балалық шақ", "Мама", "Зейін", "Жабайы", "Сказ о розовом зайце 2" сынды туындыларды жарыққа шығарамыз. Бұл "Қазақфильмнің" жаңа дәуірі болады,- дейді Жандос Айбасов.

Қазақфильм "Болмаған балалық шақ" фильмін жарыққа шығарады

Ақын Ақберен Елгезек "Болмаған балалық шақ" повесі фильм болып шығады деп ойламаған.

Қазақфильм "Болмаған балалық шақ" фильмін жарыққа шығарады

Сіздерді әріптес дейтін кезге жеттік. Шынымды айтсам табақша аламын деген ойда да болған жоқ. Жазған дүниеміз үлкен экранға шығатын болса классикалық дүниеге айналады деп ойлаймын. Фильм Tiger Films компаниясымен "Қазақфильм" киностудиясымен бірлесіп шығарылмақ. Осы ретте Азамат пен киностудия ұжымына алғыс айтқым келеді. Азаматтың қолдауымен "Болмаған балалық шақ" повесі Ғ.Мүсірепов театрына сахналанған еді. Енді міне Астанада, Қызылорда театрларында сахналанып жатыр. Осы жылы үлкен экран арқылы қалың көпшілікке ұсынылмақ,- дейді ақын Ақберен Елгезек.

Қазақфильм "Болмаған балалық шақ" фильмін жарыққа шығарады

Еске салайық, бүгін киностудияның маусымашарында Ұлттық киноны қолдау орталығының көмегімен түсірілетін
"Капитан Байтасов", "Шырмауық", "Соңғы парыз", "Здравствуй, добрый человек" кинофильмдері де көпшілік назарына таныстырылды. Айтылған кинотуындылардың барлығы 2024 жылдың ішінде жарық көреді.

Өзгелердің жаңалығы