«Қазақанимация» альманах жасап шығаруды жоспарлап отыр

4 Мамыр 2023, 09:29
969
Бөлісу:
«Қазақанимация» альманах жасап шығаруды жоспарлап отыр
Фото: ҚР МСМ баспасөз қызметі

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі түркітілдес елдерге ортақ ежелгі аңыздар негізінде анимациялық альманах жасап шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоба аясында 2023 жылы хронометражы 5 минуттан асатын кемінде 10 анимациялық туынды жарыққа шығады деп күтілуде.

Сценарийлер байқауы жарияланды. Оған түркітілдес елдердің ежелгі аңыздарымен байланысты тақырыптарда: түркітілдес елдердің ұлы тұлғалары, қасиетті жануарлары мен жер-су атаулары, түркітілдес елдердің ортақ мерекелері мен ұлттық ойын-сауықтары туралы аңыздар негізінде шығармашылық жұмыстар қабылданады.

Питчинг қорытындысы бойынша таңдалған он үздік жоба ашық қорғау мүмкіндігіне ие болады.

Бұл жобаның маңызы өте үлкен. Қазір сценарийлер байқауы жарияланды. Біз авторларға өткен тарихымызды бүгінгі күнмен байланыстыруға болатындай шығармашылық еркіндік беріп отырмыз. Сол себепті үміткерлерден тақырыпқа сай және көркемдік деңгейі жоғары жұмыстар күтеміз, - деді «Қазақфильм» киностудиясының вице-президенті Серік Әбішев.

Өзгелердің жаңалығы