Қазақ тіліндегі «Аватар: Су жолы» тарихи рекорд орнатты

6 Қаңтар 2023, 17:53
1814
Бөлісу:
Қазақ тіліндегі  «Аватар: Су жолы» тарихи рекорд орнатты

Қазақ тіліне дыбысталған «Аватар: Су жолы» фильмі касса бойынша  рекорд орнатты. Бұл туралы Disney студиясының ТМД және Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Meloman компаниясы мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Компанияның дерегінше, фантастикалық туынды 69 миллион теңге касса жинаған. Қазақ тіліндегі сеанстарды бүкілі 42 мыңнан астам көрермен тамашалаған.

Фильм Ресейде прокатқа шыққан жоқ, оның себебі Ресей соғысты бастаған кезде ірі киностудиялар көрші елдің нарығынан кеткен болатын.

Алдын ала мәліметтер бойынша, фильмнің ТМД-дағы жалпы жиыны шамамен 2,5 миллион долларға жеткен, басым бөлігі – 70 пайыздан астамы елімізге тиесілі.

Meloman компаниясы өкілдерінің мәлімдеуіне қарағанда, фильмдер - тілді танымал етудің тиімді әдісі.  

Фильмдер сөздік қорды байытуға, сонымен бірге түрлі сөз тіркес пен өрнекті қолданудың мәнмәтінін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл фильмді екінші рет білім беру үшін көруге болады, - деп мәлімдеді өкілдік. 

Өзгелердің жаңалығы