Қазақ суретшісі кілемге Михаил Шайдоровтың суретін салды

Ол кілемге Джеки Чан мен Дженнифер Лопестің суретін салған.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 13:17
Бүгiн 2026, 13:17
195
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық суретші Әсел Сабыржанқызы кілемге Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың суретін салды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Болашақ бейненің нобайын ол өткір коньки жүзімен салуды бастап, содан кейін аэрозольді бояумен кілемдегі портретке өң берді.

@mikhail_shaidorov-ты белгілеп кетіңіздерші, картинаны сыйлағым келеді 🥹🙏🏻. Осы тарихи сәтті еліміз үшін мәңгілікке бейнелеп қалдырдым! Михаил Станиславович Шайдоров — қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, жекелей сында Миланда өткен 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы. 2004 жылы 25 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Алға, Қазақстан!, - деп жазды суретші инстаграм парақшасында. 

Суретші Әсел Сабыржанқызы белгілі тұлғалардың кілемдегі портреттерін салуымен танымал.

Оның туындыларының қатарында Джеки Чан мен Дженнифер Лопестің суреті бар.

Енді жоғарыда аталған жұлдыздардың қатарына біздің чемпионымыз Михаил Шайдоров та қосылды.

Еске салайық, 14 ақпанда Михаил Шайдоров Италияда өткен Milano Cortina 2026 қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жекелей сырғанаудан алтын медаль жеңіп алды. Ол қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, жапониялық Юма Кагияма (күміс) мен Шун Сатоны (қола) артта қалдырды. Бұл жеңіс Қазақстан үшін тарихи болды – мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада алтыны иеленді.

Жеңістен кейін Президент спортшыны II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Сондай-ақ, Михаилды жеңісімен Геннадий Головкин де құттықтады. Әнші Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа автокөлік тарту етті. 

Одан кейін Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ерекше суретін жариялады

Қазақстанда Михаил Шайдоровты Олимпиадаға дайындауға қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Assel Sabyrzhankyzy (@assolyaa)

Наверх