«Қазақ ССР Ғылым академиясы» деген жазу саяси қате - жазушы Алматыдағы ғимарат атауына қатысты

2 Қазан 2023, 16:33
1651
Бөлісу:
«Қазақ ССР Ғылым академиясы» деген жазу саяси қате - жазушы Алматыдағы ғимарат атауына қатысты
Фото: автордан

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының бұрынғы атауы әлі өзгермегенін айтып шағымдануда, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жазушы-публицист Марат Тоқашбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ғимарат қасбетінің маңдайында «Қазақ ССР Ғылым академиясы» деген көне жазуы көзге ұрып тұрғанын жазды. 

«Қазақ ССР Ғылым академиясы» деген жазу саяси қате - жазушы Алматыдағы ғимарат атауына қатысты

Үйдің жанында болған соң, қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Ұлттық Ғылым академиясының ғимараты жанынан жиі өтемін. Әншейінде зер салып қарай бермейді екенбіз. Кеше Шевченко көшесі жағынан зер салып қарасам, ғимараттың қасбетінің маңдайында «Қазақ ССР Ғылым академиясы» деген көне жазуы көзге ұрып тұр. Бұл жөндеуден өткеннен соңғы қалпы! Оның бұрынғы атауын қазіргі тәуелсіздік кезеңіне кім тықпалап жүр? Дәл бүгінгі таңда бұл ғылым ордасының атауы ресми құжаттарда көрсетілгендей «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» Ал жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан ғимараттың маңдайшасындағы қазақша «Қазақ ССР Ғылым академиясы» деп, орысша «Академия наук Казахской ССР» деп жазылған жазулар саяси қате! Бұл кешегі кеңестік отаршыл жүйенің қалдығы! Сондықтан ғылымның қасиетті қара шаңырағындағы қасбет жазуы түзетілуі тиіс!, – дейді жазушы-публицист Марат Тоқашбаев. 

Аталған жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының баспасөз қызметіне хабарласқан едік. 

Бұл ғимарат біздің меншігімізге өткен жоқ. Қазіргі уақытта бұл ғимарат мемлекеттің меншігінде. Ғимараттың қасбетіндегі жазудың қай уақытта өзгеретінін нақты айта алмаймыз. Дегенмен қазіргі уақытта бұл ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – дейді ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының баспасөз қызметі. 

«Қазақ ССР Ғылым академиясы» деген жазу саяси қате - жазушы Алматыдағы ғимарат атауына қатысты

Еске сала кетейік, ғылым академиясының ғимаратының жөндеу жұмыстары бес бағыт бойынша жүргізіліп жатыр. Негізгі жұмыстар инженерлік-коммуникациялық желілерді жөндеуге бағытталған. Жылыту және сумен жабдықтау жүйесі жаңартылмақ.

Өзгелердің жаңалығы