Қазақ қыз 100 келіден асатын Олимпиада чемпионын жамбасқа салып лақтырды

14 Қаңтар 2023, 15:59
27393
Бөлісу:
Қазақ қыз 100 келіден асатын Олимпиада чемпионын жамбасқа салып лақтырды
Фото: ©meta-ratings

Олимпиаданы үш рет жеңген және әлемнің 11 дүркін чемпионы франциялық дзюдошы Тедди Ринер қазақстандық спортшылармен бірге Алматыдағы жаттығу жиынында жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сілтеме жасап.

Ринер ерлер құрамасымен ғана емес, әйелдер командасымен де спаррингтер өткізіп жүр. Мәселен оны дзюдодан Азия чемпионы (2011), грэплинг бойынша Қазақстаннан шыққан бірінші және әзірге жалғыз чемпион (2018) Әйгерім Әбілқадырова жамбасқа салып жықты. 

Бойы 205 сантиметрлі атақты спортшынының лақап аты - "Тедди аю". 

Ринер дзюдодан әлем чемпионаттары тарихындағы титулы көп спортшы, ол Францияда үш рет жыл спортшысы болып танылды (2012, 2016, 2017). Ринер 100 келіден жоғары салмақта өнер көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы