Қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия кубогінің жеңімпаздары анықталды

29 Қазан 2022, 23:40
1516
Бөлісу:
Қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия кубогінің жеңімпаздары анықталды

29 қазанда Түркістан қаласында «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен өткен «Turan Barysy» Азия Кубогінде Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарысқа түркі мемлекеттері ұйымының алты елі – Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысты. Спортшылар жеті салмақ санатында белдесті: 55 келіге дейін, 60 келіге дейін, 66 келіге дейін, 74 келіге дейін, 82 келіге дейін, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақта.

Азия Кубогінің финалына Қазақстан мен Өзбекстан командасы шықты. Қазақстандық балуандар өзбек спортшыларын 4:3 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Ақтық сында 90 келіден жоғары салмақта қазақстандық Ғалымжан Қырықбай өзбекстандық Мухсин Хисомуддиновты белдесуде жеңіп, Қазақстан құрамасына жеңіс әкелді. Қырғызстан балуандары 4:3 есебімен Әзербайжан командасын жеңіп, турнирдің 3-орын иегерлері атанды. Жеңімпаз командаларға жүлде қоры тағайындалып, кубок ретінде Түркістан символы тайқазан берілді.

Өзгелердің жаңалығы