Қазақ геологтары алғаш рет Австралияда зерттеуге қатысып жатыр

22 Қазан 2022, 11:38
2056
Бөлісу:
Қазақ геологтары алғаш рет Австралияда зерттеуге қатысып жатыр

Еліміздің Qazaq Geophysics компаниясы Австралияның Перт қаласы маңында аэрогеофизикалық зерттеуді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Аэрогеофизикалық жұмыстар MobileMT технологиясы бойынша мобилизацияланған аспалы жүйесі бар, көпмақсатты Eurocopter тікұшағының көмегімен жүргізіліп жатыр.

Ұшақ шамамен 150 метр биіктен 1500 м-ге дейін тереңдікті зерттеп, пайдалы қазбалардың (алтын, мыс, полиметалл және КСШ) ошақтарын іздейді. 

Аталған MobileMT технологиясы Жезқазған, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында кен орындарын табуға көмектескен болатын. Сондықтан өз кезегінде еліміздегі тау-кен өндіруші компаниялардың қоры молайып, дамуына септігін тигізетіні анық.

Қазақ геологтары алғаш рет Австралияда зерттеуге қатысып жатыр

Жоғары білікті мамандары және инновациялық геофизикалық құрылғылары бар бұл компания Қазақстан аумағындағы геологиялық барлау жұмыстарын сәтті жүргізіп жатыр. Аз уақытта ол шетел нарығында үлкен сұранысқа ие болды. 

Qazaq Geophysics қажетті аймақтарды анықтау үшін геофизикалық деректер жинауға және оларды ауқымдырақ жұмыстарға және алдын да барлауға дайындау үшін Батыс Австралияның үш аумағын ұшақпен зерттеп шықпақ. 

Бұл технологияның тиімділігі біздің Канада және Латын Америкасындағы серіктестеріміздің жұмысынан байқалды, өткен жылы біз оның мүмкіндігін өз елімізде де көрдік. Австралия нарығында әлемдік деңгейде танымал компаниялармен бірге жұмыс істеу біз үшін үлкен жетістік. Осындай ірі жобаларды жүзеге асыру үшін біз өз мамандарымызды ең үздік технологияларға үйреттік. Сондай ақ бұл жобаға MobileMT құрастырушыларын, Қазақстанда жұмыс істеп жүрген канадалық Expert Geophysics компаниясын да тарттық, - дейді Qazaq Geophysics Бас директоры Ғалым Нұржанов.

Қазақ геологтары алғаш рет Австралияда зерттеуге қатысып жатыр

Оның айтуынша, мұндай технологияларды қолданғаннан кейін тапсырыс берушілер барлау жұмыстарынан оң нәтижелерге қол жеткізеді, содан соң Australian Securities Exchange (AXS) қор биржасындағы акциялардың да бірнеше есеге өсуіне ықпал етеді. 

Жоба барлық түсіндірме жұмыстарын есептегенде Австралияда осы жылдың аяғына дейін жүзеге асады. 

2023 жылы Qazaq Geophysics электро және магнитобарлау көлемі 21 000 есепті шақырым, 30 000 есепті шақырым аэрогеофизикалық зерттеулерді және шамамен жерасты тау қазбаларының 7 млн ш.м. 3D түсірілімі болатын 10-нан аса жобаға қатыспақ.

Өзгелердің жаңалығы