Қазақ боксшылары "Канеломен" бір кеште жұдырықтасады

21 Сәуір 2023, 15:49
668
Бөлісу:
Қазақ боксшылары "Канеломен" бір кеште жұдырықтасады
Фото: @suleimenpromotions

Қазақ кәсіпқой боксшылары Бек Нұрмағанбет пен (9-0, 7 КО) Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО) 6 мамыр күні Сауль "Канело" Альварес шаршы алаңға шығатын кеште жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бокс бәсекесі 6 мамыр күні Гвадалахарада (Мексика, Халиско штаты) өтеді.

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын Бек Нұрмағамбет венесуэлалық боксшы Аргенис Эспанамен (15-1, 14 КО) жұдырықтасады. Ал Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы – мексикалық Хесус Моройоко Паломарес (7-2-1, 4 КО).

Бек Нұрмағанбет пен Әбілхан Аманқұл соңғы рет 15 сәуір күні Помонда (АҚШ, Калифорния штаты) жекпе-жек өткізді. Екеуі де қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шыққан еді.

Өзгелердің жаңалығы