Қазақ әдебиетінің аспанынан тағы бір жарық жұлдыз ағып түсті – Уәли

6 Ақпан 2022, 15:09
2198
Бөлісу:
Қазақ әдебиетінің аспанынан тағы бір жарық жұлдыз ағып түсті – Уәли

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ әдебиетінің аспанынан тағы бір жарық жұлдыз ағып түсті. Сөз өнеріне қайталанбас образдар жасап, хас шебер туындылар жасаған жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов келместің кемесіне мінді, деп жазды Берік Уәли.

Ғасыр жасап, жазарын жазып, елдің де ықыласына бөленген қаламгердің арманы да жоқ шығар. Бірақ, жақсыны қазаға қимайтын адамның көңілі бар ғой. Қартайса да қара жерге қимайтын жақсымыз еді. Бірақ, тәңірдің ісіне шара жоқ. Абай атам айтқан:

Алдыңғы толқын ағалар,

Кейінгі толқын інілер,

Кезекпенен өлінер,

Баяғыдай көрінер, – дегені сол шығар.

Қазақ әдебиетіне “Қан мен тер” трилогиясы, “Соңғы парыз” дилогиясы сияқты кесек шығармалар сыйлаған абыз ақсақалымыздың алды пейіш, арты кеніш болғай! Қазақ әдебиеті мен қаламгерлерге қайғыра көңіл айтамын, - деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.

P.S. Суреттер 2019 жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Әбдіжәміл ақсақалға Қазақстанның Еңбек Ері атағын берген кезде түсірілген еді.

Өзгелердің жаңалығы