Қазан айынан бастап Ақтөбеден Таиландқа ұшуға болады

22 Тамыз 2022, 16:23
944
Бөлісу:
Қазан айынан бастап Ақтөбеден Таиландқа ұшуға болады

SCAT әуе компаниясы Таиландтың «жағажай астанасына» Ақтөбеден тікелей рейстерді ашады, деп хабарлайды BAQ.KZ

SCAT әуе компаниясы 19 қазаннан бастап Пхукет аралына Ақтөбе-Таиланд бағыты бойынша рейс ашады. Таиландқа сапарды жоспарламас бұрын, елге кіру ережелерімен танысу керек. Ақ құм, кокос пальмалары, жылы теңіз, күн және тау көрінісін тамашалаңыз, - деп хабарлады Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі. 

Бұған дейін Ақтөбе әуежайы FlyArystan әуе компаниясы 24 қазаннан бастап Ақтөбе-Дубай бағыты бойынша рейстерді ашатынын хабарлаған болатын. Рейстер аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері орындалады. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Нөкіс, Тбилиси, Ыстамбұл, Қазан қалаларына халықаралық рейстер ашылып, Мәскеуге тұрақты рейстер қайта жанданды. Ішкі рейстердің ішінде Түркістанға рейстер ашылды.

 Сонымен қатар жұмыс істейтін ішкі рейстер саны ұлғайтылды. Жалпы Ақтөбе әуежайы қазіргі таңда 12 бағыт бойынша жолаушылар рейсіне қызмет көрсетеді. 2022 жылы Анталияға рейстер аптасына 6 ретке дейін, Мәскеуге аптасына 4 рейске дейін ұлғайтылды. Шілде айында Бакуге тұрақты рейстер ашылды.2022 жылы Әлия Молдағұлованың әуежайы 1 миллионнан астам адамға қызмет көрсетуді жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы