Қайырымдылық жобалар бойынша ауқымды талқылаулар өтеді

11 Тамыз 2023, 10:27
733
Бөлісу:
Қайырымдылық жобалар бойынша ауқымды талқылаулар өтеді

«Қазақстан халқына» қоры қоғам өкілдерімен қайырымдылық жобалар бойынша ауқымды талқылау өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры іске асырылып жатқан қайырымдылық бастамаларын және денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, білім беру, спорт және мәдениет саласындағы Қордың қатысуымен шешуге болатын өзекті мәселелерді жұртшылықпен талқылауды жоспарлап отыр. Ол үшін 7 тамызда Қордың бастамасымен Ұлттық қайырымдылық бойынша II жыл сайынғы конференция басталды.

Биыл Конференция өңірлердің қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларын іске асыру жөніндегі бастамаларын талқылауға арналады. Қазірдің өзінде Қордың негізгі бағдарламалары ауылдық жерлерде, шағын және моноқалаларда жүзеге асырылуда. Конференция бірнеше кезеңнен тұрады. 

7 тамыздан бастап Қордың қызметін кешенді бағалау үшін, оның ішінде қайырымдылық саясатының, жұмыс бағыттарының, іске асырылып жатқан қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларының өзектілігін, тиімділігін талдау үшін КЕҰ өкілдері арасында сауалнама басталды.

Конференция шеңберінде 15 тамыздан 1 қыркүйекке дейін Қор ҮЕҰ-мен денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру, спорт және мәдениет салалары бойынша жекелеген тақырыптық онлайн zoom–кездесулер өткізеді, онда жұртшылықты толғандыратын мәселелер, сондай-ақ оларды шешу жолдары, Қордың үлесі бойынша ұсыныстар талқыланады.

Қызу пікірталас өңірлерде офлайн форматта жалғасады. Облыстар мен қалаларда ауылдық тірек мектептерге, арнайы мектептерге, оңалту орталықтарына, медициналық ұйымдарға және басқа да нысандарға бару және мониторинг жүргізу, сондай-ақ Қордың қолдауына ие болған азаматтармен кездесу жоспарланған.

Аймақтардағы zoom-кездесулер мен дөңгелек үстелдердің қорытындысы қазан айында Ұлттық қайырымдылық бойынша ІІ конференцияның қорытынды отырысында айтылады.

Қор жұмысының тиімділігін бағалаудағы қоғам өкілдерінің бағасын ең маңызды деп санаймыз. Өткен жылы Қор жобаларды іске асыруда тәжірибесі, кәсіби сараптамалық пікірі бар азаматтық секторды құрайтын қоғамдық ұйымдармен Қордың негізгі міндеттері мен бағыттарын айқындап, нормативтік құжаттарды әзірледік. Биыл біз осы жұмысты жалғастырып, жұртшылықпен бірге атқарылған жұмыстарға талдау жасап, жүйелі және тұрақты болатын қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларды әзірлеу үшін жаңа ұсыныстарды қабылдауға ниеттіміз. Сондықтан жұртшылық өкілдерін белсенді қатысуға шақырамыз, – деп атап өтті «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

Конференция туралы толық ақпарат, жоспарланған іс-шаралар мен оның кестесі Қор сайтындағы «Конференция 2023» арнайы бөлімінде жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы