Қайтарымсыз грант алмақ болған тұрғын ақшасынан айырылды

15 Тамыз 2023, 20:00
966
Бөлісу:
Қайтарымсыз грант алмақ болған тұрғын ақшасынан айырылды
Фото: Арман Мухатов - архив

Ақтөбе облысында қайтарымсыз грант алмақ болған тұрғын алаяққа сеніп, ақшасынан айырылып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Өткен жылдың соңында бейтаныс әйел мемлекеттік бағдарлама бойынша 5 миллион теңге көлемінде өтемсіз грант алып беретінін айтып, Мұғалжар ауданының 39 жастағы тұрғынының бір млн теңгеден астам ақшасын заңсыз иеленген. Жәбірленуші оны ортақ танысы арқылы тауып, телефон арқылы байланысып отырған. Қызметін ұсынған әйелге 1 млн 350 мың теңге көлемдегі ақшаны жәбірленуші банктік қосымша арқылы аударған.

Алайда, ұзақ уақыт бойы мемлекеттік грантты да, өзінің ақшасын да ала алмаған мұғалжарлық әйел полицияға арызданды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол бұған дейін де осындай бірнеше алаяқтық жасағаны үшін сотталған 29 жастағы ақтөбелік әйел екені анықталды. 

Күдікті жасаған қылмысын мойындады және жәбірленушінің ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы