Қайтадан Түркия президенті атанған Ердоған ант берді

3 Маусым 2023, 18:40
922
Бөлісу:
Қайтадан Түркия президенті атанған Ердоған ант берді
Фото: www.aa.com.tr/ru

Түркия Парламентінің уақытша төрағасы Девлет Бахчели мемлекет басшысына Президент сайлауында жеңіске жеткенін куәландыратын құжатты тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Содан кейін Ердоған Түркия халқының алдында ант берді.

Ұлықтау рәсімінен кейін Ердоған Түркия республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемаль Ататүріктің кесенесіне гүл шоғын қойды.

Салтанатты іс-шара бағдарламасы президенттік кешенде жалғасады. Онда Ердоған құттықтауларды қабыл алады.

Аталған шарадан кейін түрік халқының басшысы «Чанкая» резиденциясына барады. Резиденцияда жоғары лауазымды қонақтарға ресми ас беріледі.

Астан кейін брифинг ұйымдастырылады. Түркияның қайтадан сайланған басшысы ел Үкіметінің жаңа құрамын жариялайды.

Еске салсақ, 28 мамырда жеңіске жеткен Режеп Тайып Ердоғанның президенттік міндеті 2028 жылға дейін жалғасатын болады.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен барғаны хабарланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Президентін ұлықтау рәсіміне қатысатыны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы