Қайрат Нұртастың анасы 15 жыл бұрын қабылдаған шешіміне өкінетінін айтты

9 Қаңтар 2024, 21:30
57135
Бөлісу:
Қайрат Нұртастың анасы 15 жыл бұрын қабылдаған шешіміне өкінетінін айтты
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Белгілі қазақстандық продюсер және кәсіпкер Гүлзира Айдарбекова Instagram-да оқырмандарына сырын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол 15 жыл бұрын қабылдаған шешіміне өкінетінін мойындады.

Жаңа жылдан кейін Вьетнамға ұшып кеткен Қайрат Нұртастың анасы Instagram Stories желісінде мерекеден алған әсерімен бөлісті.

Продюсер университетте ағылшын тілінен сабақ берген әпкесі Сәуле Базарханның көмегі тиіп жатқанын айтты. Оған жергілікті тұрғындармен араласуға туысы көмектесіп жатқан көрінеді.

Осы сіңілім болмағанда қайтер едім. АТУ-да ағылшын тілінен сабақ берген ғой, пайдасы тиіп жатыр. 40 жасымда Дубайға барғанымда, таксист "ағылшын тілін оқып алыңыз" дегенде "балаларым оқи берсін, мен кешіктім" дегенмін. Содан бері 15 жыл өтті. Түк кеш емес екенін білмеппін, - деп жазды продюсер.

Қайрат Нұртастың анасы 15 жыл бұрын қабылдаған шешіміне өкінетінін айтты

Гүлзира Айдарбекова мектепте оқығанда неге ағылшын емес, неміс тілін үйреткеніне  таңданысын жасырмады.

Өзгелердің жаңалығы