Қайрат Боранбаевтың ағасы Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды

21 Шілде 2022, 17:41
1101
Бөлісу:
Қайрат Боранбаевтың ағасы Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды.

Мұрат Советайұлы 2017 жылы Алматыдағы ақылы автотұрақ қызметін ұсынған AlanParking ЖШС-ін басқарған.

Оған қатысты іздеу ісі 20 шілде күні Алматы Экономикалық тергеу департаментінде тіркелді.

Айт кетсек, 15 наурызда кәсіпкер Қайрат Боранбаевты Қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлері Алматыда ұстаған болатын.  Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған қатысты квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
 

Өзгелердің жаңалығы