Қай өңірлерді су басуы мүмкін? – вице-министр атады

15 Сәуір 2025, 11:12
937
Бөлісу:
Қай өңірлерді су басуы мүмкін? – вице-министр атады
Фото: BAQ.KZ архив

Бұл туралы үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұсынбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су тасқынының келесі кезеңі Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында күтілуде. Аталған өңірлердегі алдын алу шаралары қарқынды жүргізілуде. Күштермен құралдар резерві, оның ішінде әскери бөлімдер алдын ала жіберілді. Жағдайды бақылауда ұстаудамыз, күштер мен құралдар қосымша жөнелтуге дайын тұр, – дейді вице-министр.

Тұрсынбаевтың мәліметінше, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері елде шамамен 4,3 млн текше метр су сорылды, 600 мыңнан астам құм салынған қаптар төселіп, 800 шақырымнан астам арық тазартылды.

Алдын ала 383 адам эвакуацияланды.  51 мыңнан астам мал қауіпсіз орындарға көшірілді, барлығы кері қайтарылды. Автомобиль жолдарын су шайған 176 жағдай мен су жырып өткен 25 учаске тіркелді. Қазіргі таңда бақылауда тұрған 21автожол мен су жырып өткен 5 учаске бар, – деді ол.

Еске сала кетейік, жазда өрт қаупі жоғары болатыны туралы осыған дейін жазғанбыз. Бектенов министрге қауіптің алдын алу керек екенін айтты. Экология министрі биыл жаздың қандай болатынын айтты.

Сондай ақ Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар және Абай облыстарындағы орман өрттері кезінде мемлекеттік органдар бекіткен алгоритмнің орындалмағанын қатаң сынға алғаны туралы жаздық.

Өзгелердің жаңалығы