Қай ипотека тиімді

27 Ақпан 2024, 09:24
6623
Бөлісу:
Қай ипотека тиімді
Фото: Нұркен Алишев - архив

1 наурызда Отбасы банктің 9 %-дық "Отау" ипотекасы іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Оның "7-20-25", "50/50" және коммерциялық банктердегі ипотекалардан айырмашылығы қандай, қайсысы тиімді.
 

Пәтер құны 25 млн теңге болғандағы ипотеканы салыстыру*

 Отау50/507-20-25Қарапайым 
ипотека
Бастапқы жарна20%50%20%20–30%
Несие мерзімі19 жылға дейін9 жылға дейін25 жылға дейін20 жылға дейін
Мөлшерлемесі9%→3.8%7.5%→4%7%19%
Ай сайынғы төлем252.5 мың, 8 жыл
104.5 мың, 11 жыл
185 мың, 3 жыл
178 мың, 6 жыл
141 мың324 мың
Артық төлем18 млн6.6 млн22.4 млн58 млн

*Ипотекаларды салыстыру үшін үйдің құнын 25 млн теңге деп алдық, себебі «7-20-25-пен» алуға болатын ең жоғары сома осы. Барлық ипотека бойынша максимал мерзімді қарастырдық.

Ипотекалардың шарты.

Отбасы банк, "Отау" ипотекасы

Шарттары

  • Бастапқы жарна — 20 %-дан бастап.
  • Мөлшерлемесі — 9 % (ЖТСМ — 9.2 %-дан бастап).
  • Несие мерзімі — 19 жылға дейін.
  • Алматы мен Астанада ең жоғары қарыз сомасы — 30 млн, басқа аймақтарда — 18 млн жетеді.
  • Алматы, Астана, Шымкент және облыс орталықтарында (17 қала) ҚТК кепілдігімен үлестік қатысу келісімшарты арқылы жаңа салынған үйден ғана пәтер таңдауға болады. Басқа аймақтарда кез келген үйді ала аласыз.
  • Қатысушының және отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелетке толмаған балалары) өз үйі болмау керек.
  • Отбасы банктен депозит ашқанына кем дегенде 18 ай өтіп, миллион немесе одан көп ақша жинауы қажет.
  • Қатысушы ұпай алып отырады. Ұпай көп болған сайын ипотека алу мүмкіндігі жоғарылайды.

9 пайыздық ипотека: Отбасы банк "Отау" бағдарламасын іске қосады

Есептеу
Пәтер құны — 25 млн.
Депозиттегі бастапқы жарна — 5 млн (20 %).
Несиенің толық сомасы рәсімделеді, алдын ала қарыз — 9 %, 8 жылға.
Алдын ала қарыз бойынша төлем — 252.5 мың теңге. Бір бөлігі банктің пайызын жабуға, қалғаны депозитке кетеді.
8 жылдан кейін 11 жылға 3.8 %-бен тұрғын үй қарызына өту.
Тұрғын үй қарызы бойынша төлем — 104.5 мың теңге. 
Барлық ипотека бойынша жалпы артық төлем — 18 млн теңге.

Рәсімдеу кезінде 20 %-ын төлеп қойсаңыз, не үшін несиені толық сомаға рәсімдейді?

Бұл тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің ерекшелігі. Бастапқы жарна (20 %-ы, өтінім жіберу үшін қажет болған 1 млн-ды қосқанда) депозитке салынады. Қажет соманың 50 %-ы жиналғанша 8 жыл депозитте жатады. Жасалатын төлемнің барлығы бөлінеді. Бір бөлігі депозит толтыруға, екіншісі кредит жабуға кетеді. 

50 %-ы жиналғанда тұрғын үй қарызына өтесіз. Бұл кредиттің түсінікті түрі, мұнда ҚАРЫЗ бен оның пайызы (басқа банктегідей) төленеді.

"Отау" бағдарламасы жаңа болғандықтан, толық есептеп көрейік.
 

Тұрғын үй құны/
қарыз сомасы
25 000 000
Депозиттегі
бастапқы жарна
20 % = 5 млн

Алдын ала қарызы

Мөлшерлемесі9 % (пәтердің
толық құнына қосылады)
Алдын ала
қарыз мерзімі
8 жыл
ТөлемдерТөлем бойынша
пайыздар 187 500
Депозитті толықтыру 65 000
Барлығы: ай сайын 252 500
Депозит табысыМемлекеттік сыйақы 1 104 000
(алдын ала қарыз үшін)
Депозит үшін банктің
сыйақысы
(2 %) 1 398 870
Барлығы: 2 502 870
8 жылда депозитте
жиналатын жалпы сома
5 000 000 бастапқы жарна
1 104 000 мемлекеттік сыйақы
1 398 870 депозит бойынша табыс
6 240 000 (65 000 х 12 х 8)
депозит бойынша толықтыру 
Барлығы: 13 742 870
8 жылдан кейін
төленуі керек сома
11 257 130

Тұрғын үй қарызына өту

Мөлшерлемесі3.8 %
Тұрғын үй
қарызының мерзімі
11 жыл
Төлемай сайын 104 476
Несиенің жалпы мерзімі – 19 жыл
Төлемнің жалпы сомасы – 43 млн
Артық төлем (төлем сомасынан
несие сомасын алғанда) – 18 млн

*Есеп мөлшермен жасалған. Банкте рәсімдегенде сомасы өзгеруі мүмкін

Отбасы банк, «50/50»

Шарттары

  • Бастапқы жарна — 50 %.
  • Үйдің бағасы — 100 млн-ға дейін.
  • Жаңа, ескі және жер үй алуға болады.

Ерекшеліктері
"Отаудағыдай" клиентке толық сомада несие рәсімделеді, ал бастапқы жарна депозитте кем дегенде 3 жыл тұрады. 3 жылдан кейін 50 %-ы аралық қарызды жабуға кетеді және клиент 3.5-5 % мөлшерлемемен тұрғын үй қарызына өтеді.

Есептеу
Пәтер құны — 25 млн.
50 %-ы депозитке салынады, ақша кем дегенде 6 ай тұруы керек.
Кейін 7.5 % мөлшерлемемен аралық қарыз беріледі.
Аралық қарыз бойынша төлем — 3 жылға 185 мың теңге.
Сосын 4 % мөлшерлемесі бар тұрғын үй қарызына өтеді.
Тұрғын үй қарызы бойынша төлем — 6 жылға 178 мың теңге.
Жалпы артық төлем — 6.6 млн теңге.

"7-20-25" ипотекасы

Шарттары

  • Мөлшерлемесі — 7 %.
  • Бастапқы жарна — пәтер құнынан 20 %-дан бастап.
  • Несие мерзімі — 25 жылға дейін.
  • Тек бірінші нарықтан алуға болады.
  • Пәтер құны бойынша шектеу: 
    — Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент — 25 млн; 
    — Қарағанды, Түркістан — 20 млн; 
    — қалған аймақтарда — 15 млн.
  • Қарыз алушының үйі болмау керек.
  • Бір-ақ рет несие алуға болады.
  • Басқа ипотека болмау керек.

Есептеу
Пәтер құны — 25 млн.
Мөлшерлемесі — 7 %.
Несие мерзімі — 25 жыл.
Бастапқы жарна — 5 млн.
Төлем — ай сайын 141 мың.
Артық төлем — 22.4 млн.

Кемшілігі
Пәтердің көбі құрылыс басталған уақытта өтіп кетеді.
Былтырдан бері мемлекет 100 млрд теңгеден артық бөлмейді. Тоқсан сайын банктерге 25 млрд теңгеден беріледі. Олар өз мүмкіндігіне қарай өтінім қабылдап, ипотека рәсімдейді.

Коммерциялық банктегі ипотека

Шарттары

  • Ипотека бойынша мөлшерлеме — 17–21 %.
  • Бастапқы жарна мөлшері — орта есеппен 20 %.
  • Қарыздың ең жоғары сомасы бастапқы жарнаға және үміткердің төлем қабілетіне байланысты.
  • Несие мерзімі — 15-20 жыл.

Ерекшеліктері
Ерекше талаптарға бастапқы жарна, табыстың жеткілікті болуы және банк талаптарына сай үй сатып алу кіреді.
Ипотека рәсімдеген кезде атында үй болуы не болмауы маңызды емес.

Есептеу 
Пәтер бағасы — 25 млн.
Бастапқы жарна — 20 %.
Несие мерзімі — 20 жыл.
Төлем — ай сайын 324 мың.
Артық төлем — 58 млн.

Қорытынды

Кrisha.kz-тің мәліметінше, ең тиімді ипотека — "7-20-25". Бірақ қаржыландыру жағынан шектеу бар, өтінім беру мүмкін емес. Сонымен қатар тұрғын үй таңдауға келгенде көптеген қиындық бар және қатысу үшін атыңызда үй болмау керек. Бағдарлама 2029 жылдың аяғына дейін жұмыс істейді.

  • Екінші орын — "50/50". Төлемдері мен артық төлем мөлшері төмен. Үйіңіз бар ма, жоқ па, қарамайды. Бір кемшілігі — үлкен бастапқы жарна.
  • Үшінші орын — "Отау" ипотекасы. Коммерциялық банктерге қарағанда мөлшерлемесі 9 %. Кемшілігі — бағдарламаға қатысу талабы қатал. Ол 7 жылға беріледі, баспанасы жоқ азаматтар депозит ашып, 1 миллион теңге жинауға мүмкіндігі бар.
  • Екінші деңгейдегі банктердің ипотекасы — үйдің бар-жоғына және санына қарамайды. Кемшіліктері — жоғары мөлшерлеме, төлемдер және артық төлем.
Өзгелердің жаңалығы