Қауіпті індет жұқтырған балаларға қанша теңге төленеді?

2 Желтоқсан 2022, 10:20
844
Бөлісу:
Қауіпті індет жұқтырған балаларға қанша теңге төленеді?

Бұл туралы Астана қаласы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Сәбит Әбдірайымов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Қалалық АИТВ орталығы АИТВ-инфекциясының таралуына тұрақты Ұлттық жауап жасау мақсатында халықтың негізгі топтары мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың профилактика, күтім және қолдау қызметтеріне қолжетімділігін кеңейту үшін, 2023 жылы аяқталатын АИТВ компоненті бойынша Жаһандық қордың 3 жылдық гранты іске асырылып жатыр. Сондай-ақ 2022 жылы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-ның алдын алуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бөлді. Осы жобалар аясында біз халықтың негізгі топтарына профилактикалық қызмет көрсететін 4 үкіметтік емес ұйыммен жұмыс атқарамыз, - деп атап өтті орталық басшысы.

Айтуынша, жобаларды іске асыру әлеуметтік қорғалмаған топтарды жұмыспен қамту мәселелерін шешуге көмектеседі. 

Себебі көптеген аутрич-қызметкерлер халықтың негізгі топтарының өкілдері болып табылады және тұрақты табысы жоқ. Нәтижесінде 59 аутрич-қызметкер, оның ішінде ЖИТС орталығынан 16 аутрич, ГФ 21 аутрич, МӘТ 35 аутрич жұмыспен және жалақымен қамтамасыз етілді. Біз науқастарды әлеуметтік қолдауға үнемі көңіл бөліп отырамыз. Бұл жұмыс үкіметтік емес ұйымдардың, әлеуметтік қорғау басқармасының қатысуымен тиімді жүзеге асырылуда, - деді Сәбит Әбдірайымов.

Сонымен қатар ол қауіпті індетті жұқтырғандардцң ай сайын алатын жәрдемақы көлеміне тоқтады.

Мәселен, Астана қаласында АИТВ-ға шалдыққан адамдар тоқсан сайын әлеуметтік көмекті 5 АЕК, яғни ең төменгі есептік көрсеткіш – 14 585 теңге, сондай-ақ 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне  292 теңге (2,5 АЕК) мөлшерінде алады. Сондай-ақ 2020 жылдың қазан айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімімен 18 жасқа дейінгі АИТВ жұқтырған балаларға 25 АЕК – 72925 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек беріле бастады, - дейді ол. 

Өзгелердің жаңалығы