Қатарды 1995 жылдан 2013 жылға дейін басқарған бұрынғы әмір Хамад бен Халифа Әл Тани 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Алланың тағдыры мен жазмышына иман келтіре отырып, әмір кеңсесі ұлттың ұлы көшбасшысы, Әмір әке мәртебесіне ие шейх Хамад бен Халифа Әл Танидің қазасына қайғыра көңіл айтады. Ол бүгін таңертең, 2026 жылғы 12 шілдеде, 74 жасында дүниеден өтті. Алла оны рақымына бөлесін, - делінген әмір кеңсесінің мәлімдемесінде.
Хамад бен Халифа Әл Тани 1952 жылы дүниеге келген. Ол Қатардың жетінші әмірі әрі Әл Тани әулетінен шыққан үшінші мемлекет басшысы болды.
Ол 1995 жылғы 27 маусымда отбасының өзге мүшелерінің қолдауымен билікке келді. Сол кезде оның әкесі, әмір Халифа бен Хамад Әл Тани Швейцарияда қызметтік сапарда жүрген еді. Кейін ол Францияда тұрып, отанына тек 2004 жылы оралды.
Хамад бен Халифа Әл Танидің билік құрған кезеңі Қатардағы реформалар мен жаңғыру үдерісімен байланыстырылады. Оның тұсында елдің алғашқы тұрақты Конституциясы қабылданып, 2005 жылғы маусымда күшіне енді. Сондай-ақ «Қатардың 2030 жылға дейінгі ұлттық даму стратегиясы» әзірленді.
2013 жылғы маусымда Хамад бен Халифа Әл Тани тақтан өз еркімен бас тартып, билікті ұлы Тамим бен Хамад Әл Таниге тапсырды. Ол Қатарды әлі күнге дейін басқарып келеді.