Қатар компаниясы Қазақстанның телекоммуникация секторына кіретін болды

14 Ақпан 2024, 20:32
805
Бөлісу:
Қатар компаниясы Қазақстанның телекоммуникация секторына кіретін болды
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қатардың Power International Holding компаниясының иелері Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде экономиканың түрлі секторындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев табысты серіктестік Қазақстан мен Қатар арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың қозғаушы күшіне айналғанын атап өтті.

Бүгін мемлекеттік сапар аясында бірқатар маңызды инвестициялық келісімдерге қол қойылды. Осы ретте Қатардың Power International Holding компаниясы негізгі қатысушы саналады.

Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаят Президентке Қашағанда газ өңдеу зауыттарын, Қызылорда облысында бу-газ қондырғыларының технологиясына негізделген электр станциясын салу жоспары жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ жаңа компрессор станциясын салуға, Бейнеу – Бозой – Шымкент және Ақтөбе – Қостанай газ құбырларын жүргізуге ниет білдірді.

Мемлекет басшысы еліміздің ұзақмерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бұл жобалардың ерекше маңызға ие екенін айтты. Сондай-ақ Power International Holding компаниясының Қазақстанның телекоммуникация секторына кіру жөніндегі жоспарын құптады.

Өзгелердің жаңалығы