Қатаң шара қабылданады. Ажар Ғиният елдегі медициналық білімге қатысты пікірін айтты

22 Қараша 2022, 12:41
770
Бөлісу:
Қатаң шара қабылданады. Ажар Ғиният елдегі медициналық білімге қатысты пікірін айтты

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі медициналық білімге қатысты пікірін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, пандемия медициналық білім сапасына кері әсерін тигізді.

Ол кезде көптеген студент қашықтан білім алды. Сондықтан биыл студенттер оқығандарын қайталап жатыр. Одан әрі оқу сапасын арттыру керек. 2022 жылы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық университеттер өздерінің кітапханаларын, ассимиляциялық орталықтарын жаңарта алатындай етіп, грант құнын көтерді, - деді Ажар Ғиният Үкімет кулуарында.

Сонымен қатар журналис министрден «Астана медицина университетінің студенттері арасында жүргізілген анонимді сауалнама нәтижесінде жоғару оқу орнының сапасыз білім бергені расталса, министрлік не істейді? - деп сұрақ қойды.

Тиісті қатаң шаралар қабылданады, - деп жауап берді Ғиният.

Өзгелердің жаңалығы