Қасымбек Пригородный елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

1 Қыркүйек 2023, 10:18
705
Бөлісу:
Қасымбек Пригородный елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

2024-2025 жылдары ұлттық жоба аясында Астанада 24 жайлы мектеп салынады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аудандарымыз бен елді мекендеріміздің тұрғындарымен тұрақты кездесіп тұрамын. Пригородный елді мекенінің (Есіл ауданы) тұрғындарымен кездестім. Өткен кездесудің қорытындысы бойынша біз «Жол картасын» жасаған едік, онда 30-дан аса түрлі мәселе қарастырылды. Бүгінгі кездесуде осы мәселелерге жан-жақты шолу жасалды: 19 мәселе шешілді, тағы 12-сін шешу жұмысы жүріп жатыр.Кездесуде тұрғындар өзекті мәселелер көтерді: жолдар, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер салу, апатты жағдайдағы ескі тұрғын үйлерді бұзу, газдандыру, әлеуметтік нысандар салу, - деді әкім.

Қасымбек Пригородный елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

2024-2025 жылдары ұлттық жоба аясында қаламызда 24 жайлы мектеп салынады.

Қасымбек Пригородный елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

Оның 15-і Есіл және Нұра аудандарында орналасады, сол сияқты жаңа форматтағы мектеп Пригородный елді мекенінде де болады.Сонымен қатар кездесу барысында тұрғындар бассейн мәселесін көтерді. Қалада бассейнге деген қажеттілік бар. Алдағы 3 жылда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 15 оқушылар сарайын салуды жоспарлап отырмыз. Олардың бірі Пригородный елді мекенінде орналасады, тиісінше онда бассейн де болады, - деді шаһар басшысы.

Елді мекендердегі өзекті мәселелердің бірі – апатты жағдайдағы тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу.

Қасымбек Пригородный елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

2024 жылы мұндай үйлерден тағы 700 тұрғынды көшіруді жоспарлап отырмыз.Бүгінгі тұрғындармен кездесуден кейін ең алдымен қандай мәселелерді шешуіміз керек екенін анықтайтын боламыз, - деп сөзін түйіндеді Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы